Жаңалықтар
Әуезов жастары Шымкент-Торғай экспедициясынан оралды
- Қаралды: 27
Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған танымдық экспедициядан оралған Әуезов университетінің белсенді жастары оқу орнының басшылығымен кездесті.
8 күнге созылған экспедиция барысында жастар Шымкент – Түркістан – Қызылорда – Жезқазған – Ұлытау – Арқалық – Қостанай – Қарабұтақ – Арал – Байқоңыр бағыттары бойынша сапар шегіп, еліміздің тарихи-мәдени орындарымен танысты. Сапардың басты мақсаты – жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, өңірлер арасындағы байланысты нығайту және Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасын кеңінен насихаттау болды.
Кездесу барысында Жастар орталығының директоры Ерасыл Анарханұлы экспедицияның нәтижелерімен бөлісіп, жастарға осындай мүмкіндік жасаған университет басшылығына алғысын білдірді.
Өз кезегінде Басқарма Төрағасы ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев жастарды сәтті сапармен құттықтап, мұндай экспедициялардың маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстанның әр өңірі – тұнған тарих пен тағылым. Сондықтан жастар тек өз аймағымен шектелмей, еліміздің басқа өңірлерін де танып-білуі керек. Тарихи ескерткіштерді көріп, жаңа орта қалыптастырып, тәжірибе алмасу – мұндай экспедициялардың басты құндылығы. Алдағы уақытта бұл бастаманы дәстүрге айналдырамыз», – деді ол.
Кездесу соңында жастар сапар барысында жинаған естеліктері мен арнайы тартуларын университет басшылығына табыстап, әсерлерімен бөлісті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз