Foundation: Білім, бейімделу және жаңа мүмкіндіктер

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation орталығы – шетелдегі қазақ жастары мен шетел азаматтарын жоғары оқу орнына дайындауға бағытталған білім беру құрылымы. Орталық талапкерлерге ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетіп, олардың университетке табысты түсуіне және жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты жағдай жасайды.
2018 жылдың тамыз айынан бастап шетелдік студенттер университеттің Халықаралық қатынастар бөлімінің қарамағына беріліп, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі дербес орталық ретінде қайта құрылды. Ал 2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап орталықтың атауы ресми түрде Foundation болып өзгертілді.
Foundation қызметінің негізгі бағыттары
Foundation өз жұмысын үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады:
• шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған дайындық курстары;
• шетел азаматтарына арналған ақылы негіздегі дайындық курстары;
• өңір мектептерінің бітірушілеріне арналған дайындық курстары.
Оқу үдерісі
Дайындық курстарына жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білімі бар шетел азаматтары қабылданады.
• Оқу мерзімі – 9 ай;
• Оқыту күндізгі және қашықтықтан форматта жүргізіледі;
• Сабақтар заманауи электрондық платформалар арқылы ұйымдастырылады.
Оқу барысында тыңдаушылар негізгі пәндер бойынша білімдерін жетілдіріп, қазақ, орыс және шетел тілдерін меңгереді, Қазақстан тарихын оқиды және жоғары оқу орындарына түсуге арналған кешенді тестілеуге дайындалады. Сонымен қатар тұрақты сынақ тестілері өткізіліп, талапкерлердің емтихан тапсыру дағдылары қалыптастырылады.
Қабылдау тәртібі
Қабылдау екі кезең бойынша жүзеге асырылады:
І кезең (шілде–қыркүйек) – Іріктеудің бірінші кезеңі М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады және құжаттарды қабылдау шілде–қыркүйек айлары аралығында жүргізіледі.
ІІ кезең (15–30 қыркүйек) – қабылдау емтихандары мен әңгімелесу нәтижелері бойынша талапкерлерді оқуға қабылдау.
Емтихандар офлайн және онлайн форматта (Zoom платформасы арқылы) өткізіледі.
Білім алуға жасалған мүмкіндіктер
Foundation тыңдаушыларына сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Олар университет кітапханалары мен оқу залдарының қызметтерін еркін пайдалана алады. Ғылыми үйірмелер, шығармашылық студиялар мен спорттық секциялар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Студенттік жатақханалар оқу ғимараттарына жақын орналасқан, бұл тыңдаушылардың оқуына қолайлы жағдай туғызады.
Шетелден келген жастардың жаңа ортаға тез бейімделуі үшін түрлі мәдени-танымдық, тәрбиелік және әлеуметтік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мұндай шаралар олардың қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдебиетімен тереңірек танысуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеді.
Foundation түлектерінің 80 пайыздан астамы мемлекеттік білім гранттарын иеленіп, еліміздің жоғары оқу орындарына сәтті түсуде. Орталық тыңдаушылары халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
Мекенжайымыз:
Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,
Қабылдау комиссиясы, 122-кабинет.
Электрондық пошта:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Call-орталық:
+7 (7252) 27-38-52
+7 (7252) 30-02-62
+7 777 881 18 58

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос