«Химия – 2026: Ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан экономикасының маңызды бағыттарының бірі – химия саласы. Осы бағыттағы ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Химия – 2026: Ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Іс-шараның ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед Заки
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын жеткізіп, ғылыми конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.
Кезекті сөз алған ҚР ҰҒА академигі М.М.Бүркітбаев «ҚазКСР ҒА академигі А.Б. Бектұров - Қазақстандағы химия ғылымы мен білімінің негізін қалаушы» тақырыбында баяндамысында отандық химия ғылымына және акдемиктің еңбегіне терең тоқталды.
Халықаралық жиынның қонақтары
ҚР ҰҒА академигі, профессор, х.ғ.д. - М.Ж.Жұрынов;
ЖҒҰА академигі, т.ғ.д., профессор, - М.Қ.Наурызбаев;
ҚР ҰҒА академигі, профессор, х.ғ.д., - Ә.Б.Баешов құттықтау сөз сөйлеп, химия ғылымындағы заманауи жетістіктер мен оның ел экономикасын дамытудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ құттықтау сөздерін Назарбаев университетінің PhD (Chemistry), профессор - Н.Нурай, Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің филиалының директоры - Н.А.Макаров, АҚШ-тағы Arizona State University жетекші ғылыми қызметкері, PhD - А.О. Балабиев онлайн арқылы жеткізді.
Конференция аясында «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС, «Шымкентцемент» ЖШС, «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-мен ғылым мен өндіріс арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған серіктестік туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
Халықаралық конференцияға Қазақстан, Қытай, Польша және Пәкістан елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар қатысып, ғылым, инновация және өндірістің тұрақты дамуына қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық баяндамашылар:

? Жарменов Абдурасул Алдашұлы – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ,д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
? Тони Чжу – Халықаралық алмасу және қызмет көрсету орталығының (IESC) Халықаралық департаменті директорының орынбасары (Қытай).
? Дэвид Янас – Силезия технологиялық университетінің профессоры, ғылым және ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары, функционалды наноматериалдар зерттеу тобының жетекшісі (Польша).
? Лу Сяолинь – Фудан университетінің Баошань ұлттық ғылыми паркінің директоры (Қытай).
? Икбал М. Чоудхари – PhD, Мұстафа сыйлығының лауреаты (PBUH), COMSTECH Бас үйлестірушісі (Пәкістан).
? Ли Сируй – Усун материалдар зертханасының профессоры (Қытай).
? Телеуова Салтанат Оразалықызы – Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университеті филиалының атқарушы директоры.
? Надиров Рашид Казимұлы – х.ғ.к., профессор, ҚР ҒЖБ министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» РМК Бас директоры;
? Айменов Жамбыл Талхаұлы – т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, РААСН (РФ) академигі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос