Жаңалықтар
Әуезов университетінің ұжымы Дархан Жұмақанұлын құрметпен шығарып салды
- Қаралды: 17
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Закидің төрағалығымен ғылыми кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңес отырысында университеттің цифрлық трансформация стратегиясының жүзеге асырылуы, ҚР Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімі ұсынылып, ұсыныстар қолдау тапты.
Кезекті сөз алған Дархан Ахмед-Заки өзіне жаңа жауапты қызметтің ұсынылғанын жеткізіп, осы уақытқа дейін бірге еңбек етіп, оқу орнының дамуына үлес қосқан әріптестеріне шынайы ризашылығын білдірді.
Басқосуға онлайн қосылған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттің соңғы жылдардағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, Дархан Жұмақанұлының білім мен ғылым саласын дамытудағы, оқу орнының халықаралық беделін арттырудағы еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар министр отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Дархан Жұмақанұлын «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісімен марапатталуымен құттықтады. Марапатты салтанатты түрде жиынға арнайы қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім вице министрі Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы табыстады.
Дархан Жұмақанұлының басшылығы кезеңінде университетте ауқымды жобалар мен маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Білім беру сапасы жаңа деңгейге көтеріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқыны артты. Халықаралық ынтымақтастық кеңейіп, университеттің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды.
Осы кезеңде әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының бірі – Аризона университетінің филиалын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде маңызды жобаның капсуласы қаланды. Сондай-ақ Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстар нығайып, халықаралық академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ашылды.
Жиын барысында әріптестер басшының кәсіби біліктілігін, жаңашыл бастамаларын және университеттің дамуына қосқан еңбектерін атап өтіп, алдағы жауапты қызметіне табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тіледі!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз