Жаңалықтар
Ғылыми кеңестің күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: Білім беру сапасы, қабылдау науқаны және кадрлық саясат
- Қаралды: 22
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде университеттің білім беру қызметін жетілдіру, қабылдау науқанын ұйымдастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, кадрлық саясатты жүзеге асыру және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша Академиялық мәселелер және оқу үдерісінің сапасы жөніндегі департамент директоры Наукенова А.С. университеттің жоғары мектептері мен факультеттерінде оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерінің қолданылуы туралы кеңінен баяндады. Мұнда білім беру үдерісін цифрландыру, интерактивті оқыту құралдарын енгізу және білім сапасын арттыру бағытындағы жүзеге асырылып жатқан жұмыстар талқыланды. Мұнан соң Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Заурбеков Т.Т. университеттің 2026 жылғы қабылдау науқанын өткізуге дайындық барысы жөнінде баяндап, талапкерлерді тарту және кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту мәселелеріне тоқталды.
Жастар орталығының директоры Анарханұлы Е. мен студенттік омбудсмен Сағынтай С.Қ. 2025-2026 оқу жылындағы студенттік кеңестің атқарған жұмыстары мен студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі міндеттері туралы баяндады. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Жұмысқа орналастыру және құзыреттілік орталығының директоры Аубакирова Т.С. университеттің даму стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Alumni Upgrade» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, жаңа бағдарламалармен таныстырды. Адами ресурстарды дамыту департаментінің директоры Даулетов А.М. университеттің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, кадрлық әлеуетті нығайту және қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету шараларына тоқталды.
Сонымен қатар отырыста Ғылыми кеңес құрамына өзгерістер енгізу, университет ОПҚ-ны «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ұсыну, ОПҚ-ның монографияларын, оқулықтары мен оқу құралдарын баспадан шығаруға ұсыну, диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру, докторантураның БББ-сы топтарына қабылдау емтихандарының сұрақтары мен эссе тақырыптарын бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қарастырылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз