Жаңалықтар
Абай университетінің белсенділері Әуезов университетіне арнайы келді
- Қаралды: 20
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің белсенді студенттері арнайы қонақ ретінде Әуезов университетіне келді. Қонақтарды университеттің Жастар орталығының директоры Е. Анарханұлы мен белсенді студенттері қарсы алды.
Кездесу барысында екі жоғары оқу орнының студенттік ұйымдары өзара тәжірибе алмасып, көшбасшылықты дамыту, ұйымшылдықты нығайту және студенттік өмірді жандандыру бағытында жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, қонақтар университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу орнының заманауи инфрақұрылымы мен студенттердің белсенді қоғамдық өміріне жоғары бағаларын берді.
Аталған кездесу екі университет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға жол ашқан маңызды алаңға айналды. Осындай кездесулер жастардың жан-жақты дамуына серпін беріп, жаңа идеялар мен тың бастамалардың жүзеге асуына ықпал етеді.
Алдағы уақытта да екі оқу орны арасындағы байланыс нығайып, бірлескен жобалар мен нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деп сенеміз.









