Жаңалықтар
Халықаралық білім беру және ғылыми тағылымдама мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған ақпараттық кездесу
- Қаралды: 27
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғалымдарға көрсетілетін қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Отандық ғалымдар мен жас зерттеушілерге халықаралық білім беру және ғылыми тағылымдама мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған іс-шараға профессор-оқытушылар, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттары қатысты.
Университеттің Басқарма мүшесі-бірінші проректор Кұрманғалы Сарыкулов іс-шараны ашып, ақпараттық кездесудің маңыздылығына тоқталды. Кездесудің спикері, Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Қайсар Еркінбаев «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін 14 мыңнан астам түлек даярланғанын айтып, бағдарламаның еліміздегі кадрлық әлеуетті дамытуға қосып отырған үлесіне тоқталды.
Қайсар Қайратұлы «Болашақ» бағадрламасы және ғылыми тағыламдама бағытын кеңінен түсіндіріп, соңғы өзгерістерді таныстырды. Мәселен, «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысушылар үшін кепілдік қамтамасыз ету тетіктерінің жеңілдетілгенін, үміткерлерден жылжымайтын мүлікті кепілге қою талабы алынып тасталған жеткізді. Сонымен қатар конкурсқа қатысу талаптары, қатысушылардың санаты, іріктеу кезеңдері, үміткерлерге қойылатын негізгі критерийлер және құжаттарды рәсімдеу тәртібін егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу барысында университеттің магистранттары мен докторанттары «Болашақ» бағдарламасына қатысты тілдік талаптар, стипендия мөлшері, шетелдік жоғары оқу орындарын таңдау критерийлері, университеттердің рейтингі және құжат тапсыру тәртібі жөнінде сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауап алды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз