Жаңалықтар
Ғалымдарға «М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Құрметті профессоры» атағы берілді
- Қаралды: 38
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен «Химия – 2026: ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында отандық ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдарға университеттің ең жоғары марапаттарының бірі – «М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Құрметті профессоры» атағы табысталды. Аталған құрметті атаққа ие болғандар:
Жұрынов Мұрат Жұрынұлы – ҚР ҰҒА академигі, профессор, химия ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Наурызбаев Михаил Қасымұлы – Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Баешов Әбдуәлі Баешұлы – ҚР ҰҒА академигі, профессор, химия ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Жарменов Абдурасул Алдашұлы – ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
«М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Құрметті профессоры» атағы – университеттің ғылым мен білім саласындағы ерекше еңбекті бағалауының белгісі. Бұл мәртебе аталған ғалымдардың еліміздің ғылыми қауымдастығындағы жоғары беделі мен көпжылдық жемісті еңбегінің айқын көрінісі болып табылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз