Шымкентте өңірлік ғылыми-техникалық саясатты дамытуға бағытталған семинар өтті

2026 жылғы 21 мамыр күні Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қатысуымен өңірлік ғылыми-техникалық саясатты дамытуға арналған семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — өңірлік ғылымның даму бағыттарын айқындау, ғылыми зерттеулерді экономиканың нақты секторымен байланыстыру және ғылыми жобаларды іске асырудың тиімді механизмдерін талқылау болды.
Семинар барысында қатысушыларға форсайт әдіснамасы бойынша оқыту тренингі өткізілді. Сонымен қатар өңірлік ҒЗТКЖ жобаларына ғылыми-техникалық тапсырмалар әзірлеу, ғылыми бастамаларды жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаржыландыру тетіктері және конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Іс-шараға жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың, инновациялық экожүйе мен салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Қатысушылар қолданбалы зерттеулерді дамыту, ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізу және өңірлік инновациялық жобаларды қолдау бағыттары бойынша тәжірибе бөлісті.
Семинар аясында ғылым, бизнес және мемлекеттік сектор арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, сондай-ақ өңірдің ғылыми және инновациялық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысында өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми-инновациялық бастамаларды қолдау бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос