Жаңалықтар
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні: Өнер саласының маманы оқырмандармен жүздесті
- Қаралды: 1
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай А.С. Пушкин атындағы әмбебап кітапханада М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Мәдениет және өнер» факультетінің оқытушысы, өнер саласының маманы, режиссер Жунусалиева Алтынай Батырханқызымен оқырмандар кездесуі өтті.
Кездесу барысында Алтынай Батырханқызы кітап пен руханияттың, театр мен мәдениеттің қоғамдағы орны туралы кеңінен ой қозғап, шығармашылық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ кітапхана ұжымына жуырда жарық көрген туындыларын сыйға тартты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа заңға қол қоюы ерекше мәнге ие. Бұл – руханиятқа, ұлт болашағына жасалған маңызды қадам. Өйткені кітап – ұлт санасын тәрбиелейтін ең үлкен құндылық. Бір жағынан кәсіби мерекеде құрмет көрсетіп жатсыздар, екінші жағынан кітаптың құндылығын дәріптеген тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Осындай рухани кездесу үшін кітапхана ұжымына алғысымды білдіремін, – деді өнер иесі.
Іс-шара соңында жиналған қауым мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Мәдениет – ұлттың рухани келбеті, ал өнер – халықтың жан дүниесінің айнасы. Осы қасиетті салада еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз