«Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің даму эволюциясы: инновациялар мен перспективалар» атты конференция басталды

Шымкентте «Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің даму эволюциясы: инновациялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция басталды. Конференция мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есенұлы Есеновтің 100 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр. Шахмардан Есеновтің ғылыми мұрасы — отандық геология ғылымының дамуына қосылған зор үлес әрі болашақ зерттеушілер мен инженерлер үшін үлкен өнеге.
Аталған конференция еліміздің ғылыми қауымдастығын, мемлекеттік органдар өкілдерін, өндірістік компанияларды, мұнай-газ және геологиялық барлау саласының жетекші мамандарын, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген ғалымдар мен сарапшыларды бір алаңға біріктірді. Конференцияға М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары да қатысуда.
Ғылыми басқосудың аясында пленарлық және секциялық отырыстарда геология саласының дамуы, пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың заманауи технологиялары, цифрландыру, инновациялық тәсілдер және жер қойнауын тиімді игеру мәселелері кеңінен талқыланады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос