«Таза Қазақстан»: Әуезов студенттері экологиялық бастамаға үлес қосты

«Таза Қазақстан» акциясы аясында республика көлемінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен республикалық телекөпір өтті. Тікелей эфир барысында еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамалар таныстырылды.
Президент өз сөзінде табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Республикалық акцияға М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері де белсене қатысты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған белсенділер А.Асқаров атындағы Дендросаябақ аумағынан тікелей эфирге қосылды.
Іс-шара барысында дендросаябақ аумағында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қала әкімімен бірге Әуезов жастары мен қала тұрғындары қаланы жасылдандыру ісіне өз үлестерін қосты.
Табиғатты аялауға бағытталған бұл игі бастама жастарды ортақ мақсатқа біріктіріп, олардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға зор серпін берді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос