Жаңалықтар
Жастар еккен жасыл желек – таза аула кепілі
- Қаралды: 20
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында табиғатты қорғауға бағытталған игі шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қала аумағын көркейту, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.
Солардың бірі – Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының ұйымдастыруымен өткен «Таза Аула» экологиялық акциясы. Аталған игі іс барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен қызметкерлері белсенділік танытып, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарына ерекше үлес қосты. Жастардың бұл бастамасы қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадам болды.
Студенттердің мұндай қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы – олардың азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Бұл – тек тазалық акциясы ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз