«Заң мен тәртіп»: Студенттерге ой салған кинокөрсетілім өтті

Құқық қорғау саласының қызметкерлері заң бұзушылықтың зардаптарын фильм арқылы көрсетіп, жастарға ой салды. «Заң мен тәртіп» идеологиялық қағидаты аясында Әуезов университетінің студенттеріне ҚР ІІМ тарапынан әзірленген «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі өтті.
Шынайы оқиғаға негізделген «Не книжные закладки» әлеуметтік драмасы жеңіл ақшаның соңынан еріп, есірткі тасымалдаушы («закладчик») жолына түскен жасөспірімнің қасіретті тағдыры мен қатаң заң алдындағы жауапкершілігін ашып көрсетсе, «Хулиганка» фильмі жастар арасындағы агрессия мен тәртіп нормаларын елемеудің орны толмас салдарға әкелетінін басты кейіпкер Даринаның өмірі арқылы нақты паш етті. Көрсетілімнен кейін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокурорлары мен полиция департаментінің қызметкерлері қатысуымен өткен киноталдау барысында мамандар әр картинаның құқықтық аспектілеріне жеке-жеке тоқталып, құқықтық жауапкершілік жайлы айтты.
Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік алаңға айналды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос