Жаңа Конституция: Әуезов университетінде насихаттау жұмыстары жүргізілді

Әуезов университетінде жаңа Конституциядағы өзгерістерді насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда бүгін сарапшылар мен студенттердің басын қосқан тағылымды әрі маңызды кездесу өтті.
Іс-шара барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев жаңа Конституцияда ғылым, білім және инновация салалары мемлекет дамуының стратегиялық іргетасы ретінде айқындалғанын, бұл өзгерістер еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеруге тікелей ықпал ететінін атап көрсетті.
Сонымен қатар, проректор университеттегі тәрбие жұмыстарының мазмұны Абай Құнанбайұлы ұсынған «Толық адам» концепциясына негізделгенін тілге тиек етіп, бұл ілімнің жаңа Конституцияда көрініс тапқан адам капиталының сапасын арттыру, саналы әрі білімді ұрпақ қалыптастыру міндеттерімен тығыз үндесетінін жеткізді.
Кездесуде университеттің ресми өкілі Әзімхан Исабек те өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай мұрасын ел болашағының басты бағдары ретінде қарастыратынын айтып, білім мен тәрбие үдерісін Абай мұрасымен сабақтастырудың маңыздылығына тоқталды.
«Заң» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы да өз пікірлерін білдіріп, жаңа Конституцияда заманауи талаптарға сай өзекті мәселелер қамтылғанын жеткізді. Олардың айтуынша, құжат жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында жастардың әлеуетін толық іске асыруға және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Кездесу барысында Конституция құндылықтарын кеңінен насихаттау арқылы қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау, азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Бұл іс-шара – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың ұлттық құндылықтарға негізделген саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды алаң болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос