Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Бейжің қаласында өткен 31-ші Қытай халықаралық білім беру көрмесінде университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстырды
- Қаралды: 16
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Бейжің қаласында өткен 31-ші Қытай халықаралық білім беру көрмесінде (China International Education Exhibition Tour) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Study in Kazakhstan ұлттық павильоны құрамында университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.
Халықаралық көрмеге қатысу университеттің білім беру бағдарламаларын Қытай Халық Республикасының білім беру нарығында ілгерілетуге, талапкерлерді тартуға, сондай-ақ Қытайдың жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды.
Көрме аясында университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын, шетел азаматтарына арналған қабылдау шарттарын, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін, шәкіртақылық ұсыныстарды, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру перспективаларын таныстырды.
Көрме барысында Қытай Халық Республикасынан студенттерді тарту, серіктестік байланыстарды дамыту және болашақтағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа кәсіби байланыстар орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бейжіңдегі көрмеге қатысу университеттің интернационалдандыруды дамыту, халықаралық білім беру кеңістігіндегі ұстанымын нығайту және шетелдік студенттер санын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болды.
#studyinkz

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз