Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын кеңейтуде: Xi’an Polytechnic University университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
- Қаралды: 20
Қытай Халық Республикасы Білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған China International Education Exhibition Tour 2026 халықаралық білім беру көрмесіне қатысу аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық және институционалдық байланыстарын одан әрі нығайтуды жалғастыруда.
Университеттің аталған беделді халықаралық білім беру көрмесіне қатысуының маңызды нәтижелерінің бірі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Xi’an Polytechnic University (ҚХР) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.
Қол қойылған меморандум студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, қос дипломды бағдарламаларды дамыту, шетелдік профессорлар мен visiting scholars тарту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен академиялық алмасуларды жүзеге асыру бағыттарында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Xi’an Polytechnic University инженерлік-техникалық, цифрлық және технологиялық бағыттар бойынша мықты әлеуетке ие заманауи көпсалалы университет болып табылады. Бұл білім беру, ғылым және инновация салаларындағы бірлескен бастамаларды дамыту үшін елеулі мүмкіндіктер қалыптастырады.
Меморандумға қол қою екі тараптың бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға, халықаралық академиялық ортаны дамытуға және жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға бағытталған ұзақ мерзімді әрі мазмұнды әріптестікті қалыптастыруға өзара мүдделі екенін көрсетеді.
Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің халықаралық даму стратегиясының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады және университеттің Орталық Азиядағы заманауи, ашық әрі жаһандық бағдарланған жоғары оқу орны ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз