Жаңалықтар
Auezov University-дің жас ғалымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болды
- Қаралды: 19
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы өз нәтижесін көрсетуде. Аталған бағдарлама аясында AP19679027 «Энергияны үнемдеу мақсатында жылумен жабдықтау жүйелерін тазалаудың бәсекеге қабілетті технологиясын әзірлеу» ғылыми жобасы бойынша жас ғалым Орманова Гаухар Мейірбекқызы бір бөлмелі пәтерге ие болды.
Гаухар Мейірбекқызы осы ғылыми жоба шеңберінде жоғары білікті маман ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысып келеді.
Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай бастамалар отандық ғылымның дамуына, сондай-ақ ғылыми кадрлардың кәсіби деңгейінің артуына зор үлес қосады.
Гауһар Мейірбекқызын қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз