Білім саласын тізгіндеген Әуезов түлектерімен ерекше кездесу өтті

2026 жылдың 22 қаңтарында М.Әуезов атындағы ОҚУ-да орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «М.Әуезов атындағы ОҚУ – мүмкіндіктер мен табыс кеңістігі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға университет оқытушылары мен білім беру жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарып жүрген табысты түлектері қатысты.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Басқарма мүшесі, Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев құттықтау сөз сөйлеп, университеттің түлектерімен байланысын нығайтудың маңыздылығын және олардың заманауи білім беру ортасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Ерекше басқосудың құрметті қонақтары, біздің түлектеріміз бүгінде Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептерінде абыроймен басшылық қызмет атқарып жүр. Олар: Қайыпов Алмасходжа Серикович (Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы директоры), Түрсынбаева Шакизат Тешебаевна (Б.Садыков атындағы №112 мектеп директоры), Төрехан Қасымхан Алмасханович (№132 мектеп директоры), Даулетбаева Индира Меиржановна ( №105 мектеп директоры), Қантаева Эльмира Бақытқызы ( №137 мектеп директоры), Қарыбаева Айкүміс Ахметовна (№140 мектеп директоры), Юлдашева Зилола Мирабдивахабовна (№139 мектеп директоры) Сарымсакова Айна Аблаевна (А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі директоры), Мауленов Әуесхон Савралыұлы (Әли Ақбаев атындағы №101 мектеп директоры).
«Табыс тарихы» тақырыбы аясында түлектер өздерінің кәсіби жолдарымен, басқару тәжірибелерімен бөлісіп, университет пен оқытушылардың мансаптық дамуындағы рөлін талқылады. Басқарушылық шешімдер қабылдау, оқытушылар құрамының жұмысын ұйымдастыру, білім беру процесіне инновацияларды енгізу, инклюзивті білім беруді дамыту және барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ бүгінгі әлемдегі көшбасшының міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қонақтары бүгінгі маман – мектеп мұғалімі – тек білім беруде ғана емес, сонымен қатар XXI ғасыр құзыреттіліктерін дамытуда және оқушыларды оқуға ынталандыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, кәсіби даму, тәлімгерлік және мектептер мен университет арасында тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар жасалды.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент С.Е.Қалдыгозова және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Г.А.Алиева, Ф.А.Бахтибаева, А.С.Керимжанова, Г.Н.Исабаева, А.А.Пиримқұлова, Р.К.Бекназарова, К.Б.Саматаева, М.К.Рысбаева, Р.Е.Ерметова, А.Е.Сералиева, Ж.Т.Кысмуратова, Н.А.Адырбекова, Г.А.Айтпенбетова құрамында ұйымдастырылған дөңгелек үстел ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтті. Бұл университеттің түлектермен және кәсіби қауымдастықпен ынтымақтастығының маңыздылығын тағы да растады, сондай-ақ болашақ білім беру көшбасшыларын дайындаудағы кафедраның дәстүрлерін нығайтты.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және мазмұнды тәжірибе алмасқандары үшін алғыс айтамыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос