Гирин химиялық технологиялар университеті делегациясының ресми сапары

2026 жылғы 22 қаңтар күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Гирин химиялық технологиялар университетінің (ҚХР) делегациясы — Қазақстан-Қытай студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Гуан Шифенгтің жетекшілігімен ресми сапармен болды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, соның ішінде инженерлік бағыттар бойынша қос диплом мен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық алмасуын талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай академиялық әріптестігін кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос