«Тарих және этнология» ғылыми орталығы

Торғауытова Шолпан Әшірәліқызы 
«Тарих және этнология» ғылыми орталығының жетекшісі, «QAZAQTANY»
республикалық ғылыми журналының жауапты редакторы
 

мекенжайы: Шымкент қ., 160012,

В корпусы, 204 кабинет

тел.: +7-701-647-15-14

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
«Тарих және этнология» ғылыми-зерттеу орталығының негізгі функциялары:

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің құрылымдық бөлімі - «Тарих және этнология» Ғылыми орталығының (бұдан әрі – ҒО) қысқаша сипаттамасы, негізгі функциялары және өзектілігі.

«Тарих және этнология» Ғылыми орталығы 2009 жылдан бері Қазақстан мемлекетінің - Отан тарихы, диаспорология, Орталық Азия мемлекеттерінің тарихы, түркі халықтарының тарихы, Қазақстан тарихы, этногенез, этнология және этнография, Қазақстанның этносаяси және этномәдени үрдістері, елтану, тарихи тұлғатану, батырлар институты саласында, «Халық тарих толқынында» атты арнайы мемлекеттік тарихи зерттеулер бағдарламасы, «Архив-2025 бағдарламасы аясында 2020 жылы 20 қарашада «Саяси құғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнідегі мемлекеттік комиссияның» жұмысының нәтижесінде 2023-2024 жылдары жарияланған 70-тен астам томдың архив материалдары негізінде 1920-1991 жылғы КСРО партиясың хаттамалары жинағы негізінде тарихи тұлғалардың Қазақстан тарихындағы рөлі, Оңтүстік Қазақстанның революциялық кезеңі мен 1924 жылы полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихы және «Қазақстан тарихы» саласына енгізу тарихи және этнографиялық деректерді талдау мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізіп, Қазақстанның тарих және этнология саласындағы зерттеу университеттеріндегі ғылыми орталықтар іргелі және қолданбалы зерттеулер (этногенез, мемлекеттілік тарихы, диаспорология) жүргізу, стандарттарды әзірлеуде ғылымды біліммен интеграциялау функцияларын архивтік құжаттарға сүйеніп орындайды, сондай-ақ проблемалық зерттеулермен айналысады, ғылыми нәтижелерін республика және шетел деңгейде тарихнама саласына, тарихты оқыту әдістемесіне, оқу үрдісіне, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы жобаларға енгізеді.

«Тарих және этнология» Ғылыми орталығы жоғарыда аталған зерттеулерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 ж., 28 наурыздағы №248 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған бекітілген тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2024 ж., 1 шілдеде №103-VIII «Ғылым және технологиялық саясат туралы» қабылданған (2025 ж., 11 қазанда өзгерістері мен толықтырулармен) жаңартылған ҚР Заңның негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылы 29 желтоқсанда №1144 жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлігіміз - әралуандықта» 2030 ж., дейінгі даму тұжырымдамасы негізінде, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ стратегиялық даму жоспардың негізгі элементтері арқылы инновацияға бағытталған ірі ғылыми-білім беру орталығына айналу, зерттеушілік ойлауы бар көшбасшыларды даярлау және цифрландыру арқылы білім беру сапасын арттыру, ғылымды дамыту, және уақыт талаптары мен ұлттық даму міндеттеріне сәйкес серіктестіктерді нығайтуда гуманитарлық саладағы ғалым-педагогтардың жарияланған ресми түрде тарихнамалық ой-пікірлерінің негізінде іргелі ғылыми зерттеулерді және ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік және рецензиялық жұмысты, авторлық, редакторлық және лекторлық жүргізеді, өз саласы бойынша ғылыми іс-шараларды ұйымдастырушы қызметтерді атқарады.

«Тарих және этнология» Ғылыми орталығы Қазақ Елінің тарихы мен мәдениеті мәселелерін тарихи дерекке сүйенген қол жазбалар мен материалдық археологиялық қазбаларды ілтеме атап көрсетеді. Қазақстан тарихы, этногенез, әлеуметтік антропология, Ортағасырлық және жаңа заман тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар, тарихи демография, тарихнама және деректану бойынша іргелі зерттеулер жүргізу, мемлекет тарихының, елдің Еуразиялық жағдайының және т.б. проблемалық мәселелерін зерделеу және түсіну, нормативтік құжаттарды әзірлеу: тарих және этнология саласындағы стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеуге және енгізуге қатысу, сала бойынша университеттің гуманитарлы-педагогикалық кафедраларына өз саласы бойынша белгіленген тәртіп бойынша ғылыми зерттелердің нітижелерін, ғылыми-әдістемелік қолдауда туралы ғалым-педагогтарға ақпараттарды, жас ғалымдарға (бакалавриат, магистратура, докторантура) зерттеу тәжірибе базасы ретінде ғылыми зерттеулерін ұсынады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісіне белсенді пайдалану, студенттерді кеңінен тарту арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыру, ғылыми және оқу орындарымен, өзгеде ғылыми, оқу, мәдениет саласындағы ұйымдармен ғылыми жобаларды әзірлеу мен іске асыру мақсатында университет тарапымен түзілген ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісім-шарттар негізінде жұмыстарды жүргізеді.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚРЗ 7-тарау. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағытындағы» 40-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, 41-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар,  42-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері яғни Ғылыми орталық ретінде, сонымен қатар, 8-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру мен қолдаудың мемлекеттік шараларындағы, 43-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандырудың мемлекеттік шаралары негізінде ғылыми орталықтың ғылыми зерттеулерін оқу, ғылым және өзгеде (арнайы кәсіптік, орта білім беру ұйымдары қызметкерлеріне) республикалық және шетел деңгейде ғылыми тағылымдаманы ұйымдастырады. Бұл бағытта Ғылыми орталық тарапынан гуманитарлы-педагогикалық, оның ішінде тарих, этнология, этосаясат саласында ғылым, білім беру жүйесіне өзекті ғылыми мәселелерін табысты шешуге ықпал ету, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау кезінде оқу үдрдісінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыруға арнайы мамандарды әзірлеуге, ғылыми мектептер мен жоғары білікті ғылыми ұжымдарды қалыптастыру, университетте әзірленген зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау мен дәріптеу.

Ғылыми басылымдар
Басылымдар және ғылыми әзірлемелер

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос