Әскери кафедра

Мекен-жай: Шымкент қаласы
Рысқұлбеков көшесі 3б.

Тел: 35-44-13 

Факс: 35-40-63

e-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Әскери кафедраға оқуға қабылдау тәртібі
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
 

Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу процесі төрт кезеңде жүзеге асырылады:

     ★ бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;

     ★  екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

     ★  үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

     ★ төртінші кезең – ЖЖОКБҰ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу, бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын бітірген студенттер үшін үлгерімнің орташа балы дипломға қосымша негізінде айқындалады.

      Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.


   Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда электрондық цифрлық қолтаңба қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

     

Әскери даярлық мерзімі:

      1) запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 2 жыл 5 ай;

      2) запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 1 жыл 5 ай;

   "Запастағы лейтенант", әскери атағын беру мәселелері бойынша әскери кафедра (әскери факультет) бастығы ҚР ҚМ кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды, ол тиісті бұйрықтарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне бекітуге енгізеді.

    "Запастағы сержант", әскери атағын беру мәселелері бойынша әскери кафедра (әскери факультет) бастығы жергілікті әскери басқару органымен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.

Әскери кафедра
Тарихи мәлімет
Запастағы офицерлерді және сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша
Жаңалықтар

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос