ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА “ АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ ӨТТІ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА “ АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ ӨТТІ

2026 жылдың 16 сәуірінде Ұлы жеңістің 81 жылдығы қарсаңында “Ерлікке тағзым” акциясы аясында және “Отан қорғаушылар” күніне орай Шымкент қаласы колледждері мен мектептері оқушыларына кәсіби бағдар беруге арналған ашық есік күні өтті. Салтанатты шара әскери сап түзеумен басталып, кафедра басшылығы мен университет өкілдерінің құттықтау сөздеріне ұласты. Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев іс-шараның тәрбиелік мәніне тоқталып, әскери кафедраның талай әскери саланың үздіктерін даярлап шығарғанын мақтанышпен айтып өтті.
Жастарға кәсіби бағдар беру және оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат еткен шара әскери кафедра бастығы, полковник Жакып Кенжебаевтың құттықтау сөзімен жалғасты. Өз сөзінде бұл кездесудің жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі маңызы зор екенін атап өтіп, әскери кафедраның негізгі қызметі мен мақсаттарына тоқталды.
Сондай-ақ, шараға Шымкент гарнизонының басшылығы, жоғары шенді офицерлер мен әскери бөлім командирлері қатысып, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі. Қатысушылар әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен кеңінен танысып, әскери техникалармен жұмыс істеу тәртібі, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, әскери дайындықтың өзіндік ерекшеліктері және болашақта ашылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты әрі мазмұнды ақпарат алды. Іс-шара барысында студенттер жекпе-жек ұрыс тәсілдерін, қарумен қозғалу және саптық дайындық элементтерін кәсіби деңгейде көрсетіп, көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл көріністер жастарға әскери тәртіп пен төзімділіктің, батылдық пен жауапкершіліктің айқын үлгісін көрсетті.

Қазіргі таңда, әскери кафедра, тек М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқитын студенттер қатарынан 4 әскери даярлық бағдарламасы бойынша запастағы офицерлерді дайындайды және
6 әскери даярлық бағдарламасы бойынша запастағы сержанттарды дайындайды.

Аталған шараға 1500-ге жуық оқушы мен студент қатысып, өз болашағын әскери саламен байланыстыруға деген қызығушылықтарын арттырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос