Жаңалықтар
Еліміздің 5 университеті әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды
- Қаралды: 49
Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысты. Форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты.
Атап айтқанда, Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары бар.
Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігінің президенті және негізін қалаушы Нунцио Кваккарелли (Ұлыбритания) еңбек нарығына жасанды интеллекттің әсері туралы айтып, QS рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындарының көбеюін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан интернационалдандыру және ғылыми бәсекеге қабілеттілік бағытында айтарлықтай ілгерілеу көрсетіп отыр. Сондай-ақ еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды.
«QS Қазақстанмен болашақ мамандықтарды болжау моделін құру және білім мен инновацияға негізделген экономиканы дамыту бағытында ынтымақтасуға ниетті», - деді ол.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз