Жаңалықтар
«Елімізде 31 500 шетелдік студент білім алуда – бұл тарихи рекорд»
- Қаралды: 24
Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық және жаһандық білім беру экожүйесін терең түрлендіруге бағытталған бірқатар нақты шаралар туралы баяндады.
«Қазақстанда шетелдік университеттердің 40 филиалынан тұратын желі құрылуда, олардың 85%-ы жоғары технологиялық бағыттарға – жасанды интеллект, компьютерлік инженерия, киберқауіпсіздік, жаратылыстану және техникалық ғылымдар, ядролық физика және басқа да сұранысқа ие салаларға бағытталған. Бұл халықаралық деңгейдегі білімді ел ішінде алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар филиалдар инвестиция тартуға және академиялық туризмді дамытуға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта елімізде 31 500 шетелдік студент білім алуда – бұл тарихи рекорд. Алғаш рет Азия елдерінен келген студенттер саны ТМД елдерінен келген студенттерден асып түсті. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр», - деді Саясат Нұрбек.
Атап өтейік, форум аясында стратегиялық серіктестер кеңесінің құрылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз