Жаңалықтар
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДЕН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
- Қаралды: 23
Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2025-2026 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдауды бастады. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки қабылдау комиссиясының жұмысына сәттілік тіледі.
Қабылдау комиссиясына алғашқы болып Португалиядан Эстрела Жаркынбековна құжат тапсыруға апасымен бірге келді. Олар электрондық жүйесі арқылы кезек алып, қиындықсыз құжаттарын тапсырды.
–Ата-анам Португалияда тұрады. Қазақстанда жоғары оқу орындарын таңдағанда Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» мамандығын таңдадым, - деді Эстрела.
Құрметті талапкерлер! Құжаттар қабылдау үшін біз Сіздерді М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың В ғимаратында күтеміз!
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан, 5