Жаңалықтар
Қабылдау комиссиясының дайындығы пысықталды
- Қаралды: 30
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2025-2026 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдауды бастауға дайын. Бүгін университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев «Қабылдау комиссиясы-2025» жұмысына дайындығын туралы есебін тыңдап қызметкерлерге сәттілік тіледі. Қабылдау комиссиясының жұмысына 65 қызметкер жұмылдырылған.
Қызмет көрсету деңгейін жақсартуда мақсатында «ALTU» QR – электрондық кезек жүйесі орнатылды. Құжат тапсыруға келген талапкерлер және олардың ата-аналарына ыңғайлы жағдай жасалады: 3 қызмет көрсету залы, 300 орындық 2 күту залы, 1 кеңес беру залы және 1 өзіне өзі қызмет көрсету залы қарастырылған.
Қабылдау комиссиясы таңертеңгі сағат 09:00-ден бастап, кешкі 18:00-ға дейін жұмыс жасайды.
Талапкерлер университеттегі білім беру бағдарламалары туралы толық ақпаратты https://auezov.edu.kz/ сайтынан таба алады. Сондай-ақ ең қажетті әрі маңызды ақпараттар университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында инстаграм @auezov_university, фейзбук auezov.university; телеграм @auezov_u, тiktok. @auezov_university күнделікті жарияланып отырады.
Құжаттар М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың В ғимаратында қабылданады.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан, 5