Әуезов университетінің ұстазына шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді

2025 жылғы 11 маусымда Шымкент қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті XXVII сессиясының күн тәртібінде «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі де қаралды. Депутаттар қалаға әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрғыдан айрықша үлес қосқан 25 азаматқа бұл мәртебелі атақты беруді мақұлдады.

Олардың қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының аға оқытушысы Мамырбаев Асқар Смайылұлы бар.

Шымкент қаласының Құрметті азаматы Асқар Мамырбаев – ҚР құрметті сәулетшісі, «Шымкент қаласы сәулетшілер қауымдастығы» қоғамының төрағасы, өңірге танылған сәулетші. Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосқан ұстаз елімізде отандық ғылымды дамыту және сапалы маман даярлауға өз үлесін қосып келеді.

Асқар Смайылұлын құрметті атағымен Әуезов университетінің басшылығы және ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.