Әуезов университетінен «Шымкент – Алматы – Семей» бағытындағы экспедиция жолға шықты

Шымкент қаласынан Әуезов университетінен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Шымкент – Алматы – Семей» бағытындағы экспедиция жолға шықты. 19-26 маусым аралығын қамтитын экспедиция М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Шәкәрім университеттерінің студенттерімен бірлесе жүзеге асуда. Экспедиция мүшелерін университет басшылығы мен ұжымы салтанатты түрде шығарып салды.

–Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған бұл іс-шараның маңыздылығы өте жоғары. Студенттеріміздің Семей еліне сапары осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Осындай сапар арқылы жастардың ұлы тұлғаның шығармашылығына деген қызығушылығын және патриоттық сезімін арттыруды, олардың жан-жақты дамуын қалыптастыруға, әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуды мақсат етіп отырмыз. Ол өз нәтижесін береді деген сенімдеміз. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін, - деді университеттің Басқарма-мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев.

Сапарға 50-ден астам студент аттанды. Бағыты: Шымкент - Алматы- Талдықорған - Қонаев – Аягөз – Семей – Аягөз – Алакөл - Талдықорған - Қонаев-Алматы – Шымкент.

Бүгін экпедиция Меркі қаласына аялдайды, ары қарай Алматы қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы ұлттық педагогикалық университетінде болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.