М. Әуезов атындағы ОҚУ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтты

2025 жылғы 13 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Лиссабон университетінің (Португалия) ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация саласындағы жетекші сарапшысы, профессор Октавиан Адриан Постолаке ресми сапармен келді.    Сапардың негізгі мақсаты – жасанды интеллект, агросекторды цифрландыру және интеллектуалды басқару жүйелері сияқты маңызды салаларда халықаралық серіктестікті дамыту.

Цифрлық технологиялар бойынша дөңгелек үстел: «Дәлме-дәл егіншіліктен цифрлық лингвистикаға дейін»

Сапардың негізгі шарасы – «Precision Agriculture» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел болды. Онда жасанды интеллектке, үлкен деректерге және цифрлық шешімдерге негізделген аграрлық технологиялар талқыланды.

   Іс-шараға «Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ, «Филология» мен «Аграрлық» факультеттің оқытушылары, магистранттары және докторанттары қатысты.

Профессор Постолаке өз баяндамасында агросектордағы  заманауи цифрлық шешімдерді таныстырды. Атап айтқанда: ақылды сенсорлар, мультиспектрлі және термокамералар, машиналық оқыту және IoT технологияларын пайдалану арқылы су және қоректік ресурстарды басқару жүйелері.

    Сонымен қатар дрондар, спутниктік түсірілімдер, мониторинг жүйелері мен үлкен деректерді өңдеу арқылы су тапшылығы карталарын нақты құру және суару жүйесін оңтайландыру мәселелері айтылды.

Профессор агроцифрландырудың негізгі бағыттары ретінде мыналарды атап өтті:

-Internet of Things (IoT);

-Ауылшаруашылық робототехникасы;

-Дрондар;

-Спутниктік технологиялар

-Жасанды интеллект (AI)

-Үлкен деректер мен аналитика
-Жасыл энергия негізіндегі эмиссияны азайту технологиялары. 

Сонымен қатар ауыл шаруашылығында физикалық нысандар мен олардың виртуалды бейнелері арасында екі жақты ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін цифрлық егіздер (Digital Twins) тұжырымдамасына ерекше назар аударылды.

Талқылауды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі, профессор Мадина Мансурова жалғастырды. Оның баяндамасы қазақ тілінде дерек журналистикаға арналған цифрлық көмекшіні әзірлеуге арналды. Бұл жүйе үлкен тілдік модельдерге (LLM) және RAG (Retrieval-Augmented Generation) әдісіне негізделген. Жоба ЖИ гуманитарлық және медиа салаларға енгізудің перспективаларын көрсетіп, цифрлық дәуірде тілдік егемендіктің маңыздылығын көрсетеді.

Әуезов университетінің ғалымдары өз зерттеулерінің нәтижелерін келесі бағыттарда таныстырды:
«Автоматтандырылған басқару жүйелерінде жасанды интеллект»; «Оңтүстік өңірдің аграрлық секторындағы инновациялық цифрлық технологиялар»; «Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация»; «Жасанды интеллект – университеттің стратегиялық басымдығы».

Әуезов атындағы университет келесі жобаларды жүзеге асыруда: «Басқару және аграрлық зерттеулерге нейрожелілік шешімдерді енгізу»; «Білім беру мақсатындағы цифрлық көмекшілер мен чат-боттарды жасау»; «Машиналық оқытуға негізделген цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту»; «Жасанды интеллектті қолдануда этикалық және тілдік стандарттарды ілгерілету».

Болашақ бастамалар

Университет келесі қадамдарды іске асыруға ниетті:
- Агроаналитика және климаттық мониторинг үшін AI платформаларын әзірлеу; AI негізіндегі жеке білім беру траекторияларын құру; Цифрлық гуманитарлық ғылымдар және тұрақты даму саласындағы халықаралық серіктестікті кеңейту.

Халықаралық диалог

Профессор Постолакенің сапары және қазақстандық жетекші сарапшылардың қатысуы халықаралық ғылыми диалог, тәжірибе алмасу және жасанды интеллект, цифрландыру мен болашақ білім салаларындағы жаңа одақтар құруға жол ашты. Әуезов университеті алдыңғы қатарлы технологиялар мен халықаралық академиялық әріптестіктің аймақтық хабы ретінде өз позициясын нығайтып келеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.