Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн
- Қаралды: 108
Қазақстан Республикасы Рәміздер күніне орай қаламызда Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі мен салтанатты жиын өтті. «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай өткізілген іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев және студент-жастарымыз қатысты. Университетімізден іс-шараға 500-ден аса студент қатысып, мемлекеттік рәміздерді ұлықтады.
Мерекелік іс-шарада мемлекеттік рәміздердің тарихы айтылып, патриоттық әндеріміз шырқалды. Әсіресе жастардың көкте әуелеген әндері рухты көтеріп, мемлекеттік рәміздеріміздің құндылығын арттырды.
Айта кетсек, 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.