«Қош келдің, Наурыз-2018!»

20.03.2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қызғалдақ» субұрқағында «Қош келдің, Наурыз-2018» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шараны ректордың міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор Сатаев М.И. ашты. Өз сөзінде ол, университет ұжымын, студенттерін, оқытушы - профессорлар құрамын,  Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, біліммен-ғылымның биік шыңдарын бағындыруға шын жүректен құттықтады. Университет ұжымындағы факультеттер мен жоғары мектептер Наурыз мерекесіне арнап, қазақтың салт-дәстүрлеріне лайықты безендірілген төрт киіз үй тікті. Киіз үйдің іші ұлттық бұйымдармен безендірілген. Әрбір киіз үй алдында қазақтың салт-дәстүр түрлерінен көріністер, қойылымдар көрсетілді. Мерекелік іс-шара университеттің Қоғамдық кәсіптер факультетінің көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.