Жаңалықтар
БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР
- Қаралды: 377
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің акт залында 2018 жылғы 13-наурызда факультет тыңдаушылары мен оқытушылары қатысуымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ” атты халыққа үндеуін насихаттау іс-шарасы өтті.
Жиынның модераторы аға оқытушы Тургумбаева Ақбота Сейдалықызы қатысушыларға кіріспе сөзінде: Президенттің бұл 5 бастамасы ақпан айында Қазақстан халқына арнаған Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен, оны жүзеге асыратын әлеуметтік ортадағы адам капиталы сапасын арттыру мақсатымен тығыз байланысын көрсетіп, алдыңғы сөзді факультет аға оқытушысы, «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Мырзабеков Қасым Мырзабекұлына берді. Қасым аға Қазақстандағы экономикалық-саяси жағдайға бағасын беріп, оны ары қарай көтерудегі ұсынылып отырған бес бастамаға шолу жасады.
Келесі ретте қатысушыларға ҚР Парламентінің қос палатасының отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес бастаманы ұсыну сөзінен үзінді көрсетілді. Бейнефильмді бекіте, Ақбота Сейдалықызы әр бастамаға тоқталып, ондағы негізгі мәселелерді тақтадағы таныстырылым арқылы өзектеп, қоғамға маңызы мен мақсатын айшықтады.
Отырыстың барысында тыңдаушы жастар да үн қатысуымен көрінді. ШФ-17-9к тобының тыңдаушылары Зәбек Маржан: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатаханадағы жағдайын жақсарту» бастамасын, ал, Тлеужан Бақыт: Президенттің «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бастамасын өз ізденістерін қоса отырып қатысушыларды таң қалдырды.
Қорытынды сөзді факультеттің бас маманы Абилхаиров Нурмухаммед Зияддинұлы Елбасы бастамаларын жүзеге асыру арқылы, келешекте қазақстан азаматтарының адами капиталын қаражаттап, жастардың өмір сүру деген құлшынысына қажетін аша отырып, университетке түсуге дайындық қурсы тыңдаушыларының үлесіне 2-ден 4%-ға дейін орын беру жоспарланып отырылғанын, сондықтан, тыңдаушылардың осы таңда жауапкершілігінің жоғары болу керек екендігі айтылды.
Кеш «Көк тудың желбірегені» атты әнмен аяқталып, қатысушылар суретке түсіп, қоштасты.