ЛАТВИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН СТИПЕНДИЯСЫ

Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы Білім және ғылым министрліктерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Латвия Республикасы 2018-2019 оқу жылы Латвия ЖОО-да және ғылыми-зерттеу институттарында оқу немесе зерттеу жүргізу үшін, сондай-ақ жазғы мектептерге қатысу үшін қызметкерлер мен студенттерге Қазақстан Республикасы ЖОО-ның академиялық және стипендиялар ұсынады.

 Стипендия ұсынылады:

  • бакалаврлар мен магистрлер үшін айына 500 евро.
  • PhD докторанттар үшін - айына 670 евро.
  • жазғы мектептерге қатысу үшін, бір адамға 711 евро көлемінде қаржылық көмек көрсетеді.

Оқу бағдарламалары Латвияда ақылы, сондықтан бұл стипендия оқу ақысын, тұру және тамақтану шығындарын өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Стипендиат көлік шығындарын өз бетінше өтеуі керек.

Бағдарлама жайлы толық ақпаратты келесі сайттан табуға болады: www.viaa.gov.lv/scholarships.

Латвияда оқу және зерттеу үшін мемлекеттік гранттар алуға өтініштер тапсырудың соңғы күні – 01.04.2018ж.

Латвиядағы жазғы мектептерге қатысу үшін стипендия алуға өтініштер тапсырудың соңғы күні- 04.05.2018ж.

Бағдарламаларға қатысу бойынша толық ақпарат алу үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Халықаралық байланыстар орталығына келулеріңізді сұранамыз. Мекен-жай: «В» ғимараты,

 2-қабат, 217-кабинет Тел.: 21-41-54, E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

 

Халықаралық байланыстар орталығы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.