«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ТРЕНДТЕР МЕН СТРАТЕГИЯЛАР» атты жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумы

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ТРЕНДТЕР МЕН СТРАТЕГИЯЛАР» атты жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумы

Елі: Қазақстан Республикасы Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Өткізу уақыты: 28-29 сәуір 2025ж. Пленарлық мәжілістің өткізілетін орны және уақыты: бас ғимарат, сағ.10:00, АКТ зал, онлайн және офлайн режімінде.

Ұйымдастырушылар: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Форумның мақсаты: кәсіби тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың шығармашылық әлеуетін кеңейтіп, оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейі мен сапасын жақсартуға ықпал ету, сондай-ақ адами капитал сапасын арттыру, тұрақты даму тұрғысынан кәсіптік-педагогикалық білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарын енгізу мен жүзеге асыру бойынша қызметті кеңейту.

Форумның міндеттері: Қазақстан Республикасының және шетел жоғары оқу орындары, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы байланыс және тәжірибе алмасу нысандарын кеңейту, педагог кадрлардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету.

Жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Заманауи білім берудегі әлемдік трендтер мен стратегиялар.

  2. Заманауи сын-қатерлер:

- Тұрақты даму және білім беру: студенттерді жаһандық мәселелерді шешуге дайындау үшін тұрақты даму тұжырымдамаларын білім беру бағдарламаларына енгізу.

- Экологиялық сауаттылық: экология қағидалары, климаттық өзгеру және тұрақты өмір салтына бейімдеу қажеттілігінің артуы.

Форумға қатысуға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының және шетел университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, колледж оқытушылары, мектепке дейінгі тәрбиешілер, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мұғалімдері шақырылады.

Форум аясында ашық дәрістер, инновациялық жобалардың презентациялары, шеберлік-сыныбы, дөңгелек үстелдер, тренингтер өтеді. Форумның өзекті тақырыптарының қатарында элиталық білім беру, білім берудегі жасанды интеллект, инновациялық, ақпараттық және денсаулықты сақтау бойынша оқытудың қазақстандық моделі мәселелері бар.

Инновациялық әзірлемелер конкурстары мен көрмесіне қатысу үшін 2021 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың сәуірі аралығында әзірленген және жарияланған материалдар ұсынылады.

Форум аясында қашықтықтан бейнеконференция түрінде баяндамалар жасау және қатысушылар ұсынысы бойынша жаңа байқау түрлерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылған.

Форум онлайн-офлайн форматта өтеді. Онлайн-алаңның мекен-жайы қосымша жарияланады.

Форумның жұмыс тілдері: қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде. Форумға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен forum.auezov@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2025 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, бас ғимарат, 2 қабат, 205 каб., ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы - профессор Хамитова Барна Махаматовна.

Форумның нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер жинағын шығару көзделуде.

Барлық сұрақтар бойынша форумды ұйымдастыру алқасына хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, ұялы тел: +77013509420, +77018228207

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5.

Банк рекизиттері: АО «Евразийский банк»

РНН 582100003432

ИИК KZ 9894815KZT22032170

БИК EURIKZKA

Код 16 БИН 990240005557

ОКПО 39140473

Код ОКЭД 85420

Код КАТО 511013100

Kaspi қосымшасы арқылы төлеу

«Төлемдер» - «барлығы» - «Білім» - «ЖОО және колледждер» - «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» - «Факультет» бағанында «Жаңашыл педагогтардың Халықаралық форумы, 2025» - «Курс» бағанында мақала жарияланатын форумның бағытын көрсету - автордың аты-жөні - автордың ЖСН - «Төлемнің мақсаты» - мақаланы жариялау, сома - төлеу үшін шотты таңдау - төлеуге - жалғастыру -растау және төлеңіз.

Ескерту: «Төлемнің мақсаты» өрісінде «Жаңашыл педагогтардың Халықаралық форумы, 2025» деп көрсету қажет.

Тіркеу жарнасы ақысының төленген түбіртек көшірмесін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберіңіздер.

Форумға қатысушылардың жол, тамақ, тұратын жерінің шығындарын қатысушы өзі немесе жіберген ЖОО өздері төлейді.

 

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ТРЕНДТЕР МЕН СТРАТЕГИЯЛАР» атты жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумына

қатысуға өтінім

Қала   
ЖОО  
Автордың аты жөні (қосалқы автордың)  
Жұмыс орны  
Қызметі  
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
бағыт нөмірі мен атауы  
Мақала аталуы (баяндама)  
Байқауға қатысуы  
1) байқау атауы  
2) ашық сабақты өткізу (сабақтың түрін, тақырыбын көрсетуі), (онлайн/офлайн)  
3) көрмелерге қатысу  
4) форум аясында шеберлік-сыныбы, тренингтер жүргізу (қажетті жабдықтарды, тақырыпты көрсету және ұйымдастыру комитетімен алдын-ала байланысу  
5) телеконференцияларға қатысу / қашықтықтан қатысу  
Байланыс телефоны   
Электронды мекен жайы (e-mail)   
Пошталық адрес (қажеттілік болғанда жинақ жіберу)  
Қонақ үйге алдын ала тапсырыс (ия, жоқ)  

 

Мақаланы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 3-6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі - 11, жоларалық қашықтық - 1, барлық жақтары - 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс - 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, мақалада автор саны шектеулі (үш автордан аспауы қажет), бір жол төмен - мақаланың жазылған тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e-mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен - орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және аbstract, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және аbstract, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін аbstract 100 ден 150 сөзге дейін жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін.

Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі.

Көрсетілген мерзімнен кейін берілген немесе талаптарға сай емес материалдар қабылданбайды, баспаға ұсынылмайды және материалдар қайтарылмайды.

Сондықтан ұсынылатын материалдардың жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігіне мұқият көңіл аударуларыңызды сұранамыз, себебі аударылған төлем ақылар қайтарылмайды.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ӘОЖ (10 пт)
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ: ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ (11 пт)
Хамитова Б.М. (11пт) п.ғ.к, доцент (11пт)М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Казахстан (10пт)
Резюме: (Түйін) (10пт)Аbstract: (10пт)Кілттік сөздер: 7 сөзден кем емес
Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт)----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Әдебиеттер (11 пт)

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.