Жаңалықтар
«ЖАС ТАЛАНТ»: УНИВЕРСИТЕТТЕ ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
- Қаралды: 32
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша орта білім беру мектептерін бітіруші оқушыларға арналған «Жас Талант» шығармашылық өнер конкурсы өтіп жатыр.
Конкурста шығармашылық білім бағдарламалары тобын таңдаған дарынды және талантты оқушылар екі кезеңнен өтеді. Қатысушылар дінтану, театр өнері, мәдени-тынығу жұмысы, сән дизайны, хореография, бейнелеу өнері, сәулет, журналистика, көркем еңбек және сызу өнері, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, музыкалық білім бағыттары бойынша бағын сынауда.
Атап өтейік, дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға биыл тіркелгендердің саны 3 мыңнан асты. 17-28 ақпан аралығында өтетін сайыста кіл мықтылар анықталады. Олимпиаданың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға оқуға түскенде оқу ақысына I – орынға 100% (12 орын), II – орынға 75% (12 орын), III – орынға 50% (12 орын) жеңілдіктер қарастырылған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз