«ТУМА ТАЛАНТ МҰРАСЫ»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бейнелеу өнерінің бәйтерегі, қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай, «Тума талант мұрасы» атты шығармашылық оқырман конференциясы өтті. Мәдениет және өнер факультеті мен университет кітапханасы Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға өнерсүйер қауым көптеп жиналды.

Конференцияны М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы-ректор м.а. Қайрат Нұрманбетов салтанатты түрде ашып, жүрекжарды тілегін жеткізді. Мәдениет және өнер факультетінің студенттері қылқалам шеберінің өмір тарихына арналған көрініс қойса, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Ә.Қастеев атындағы «Өнер және дизайн» колледжінің студенттері мен №2 Оқушылар сарайының оқушылары сурет байқауында бақтарын сынады.

Әбілхан Қастеев халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге әкелген қылқадам шебері. Студент жастарға суретшінің туындыларының көшірмесін өз шеберлігімен көрсетуге мүмкіндік берілді. Өнер сайысында қатысушыларға Қазақстан суретшілер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Н.Шилібаев пен Мәдениет және өнер факультетінің деканы п.ғ.д., доцент М.Тәңірбергенов әділ бағасын берді.

Байқаудың нәтижесінде бас жүлдеге М.Әуезов ОҚУ 4 курс студенті Мейіржан Шулезбай лайық деп танылды. Ә.Қастеев атындағы «Өнер және дизайн» колледжінің 1 курс студенті Анула Алтынбек және М.Әуезов атындағы ОҚУ 4 курс студенті Қаламқас Сапарбай 1 орынды иеленді. Университет жастары Қалдар Сымбат – 2 орын, Қанағат Ерғалиұлы және Бейбіт Айдарбек 3 орын берілді. Ақпарттық білім беру орталығының директоры И.Саурбаев талантты жастарға Алғыс хат табыстады. М.Әуезов атындағы ОҚУ «Түлектер қауымдастығы» атынан жеңімпаздарға қаржылай сыйлық берілді.

Шығармашылық конференция аясында кітап және Мәдени тынығу және сахналық қызмет кафедрасының оқытушысы А.Жүнісалиеваның қолөнер туындылары қойылған көрме қойылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.