ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «AUEZOV UNIVERSITY-2024» ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: заманауи түрленуі мен ерекшеліктері» атты тақырыптағы Қысқы мектеп өз жұмысын бастады. Жыл сайын ұйымдастырылатын Қысқы мектеп ағымдағы жылдың 2-наурызына дейін Zoom платформасында онлайн жалғасады.
 
Қысқы мектептің мақсаты – түркі мәдениетінің өз алдына ерекшеленіп келе жатқан ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол салт-дәстүрлерін, тығыз байланыстарының тарихи тәжірибесін кеңінен насихаттау.

Zoom платформасында өткен халықаралық Қысқы мектеп сессиясының ашылуына еліміздегі жоғары оқу орындарының және АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Белоруссия, Монғолия мемлекеттерінің атақты ғалымдары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қысқы мектеп жұмысы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға арналған. Қатысушыларға 3 кредит көлемінде арнайы сертификат беріледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.