ҮЙЛЕСБЕК БЕСТЕРЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХИМИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінде т.ғ.д., профессор Үйлесбек Бестерековтың атындағы химия кабинеті ашылды. Үйлесбек Бестереков саналы ғұмырын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде студент-жастарға білім беру, оларды ғылымға баулу жұмысына арнаған ғалым. Ғалымның химия және химиялық технология саласындағы жетістіктері оқушыларға таныстырылып, замандастары өмір жолын баяндады. Ғылым мен білім беру жолындағы еңбегінің жемісі ретінде профессордың шәкірттері - т.ғ.к., қауымдастырылған Айдарбек Болысбек, PhD, қауымдастырылған профессор Улжалғас Назарбек, PhD Саят Ермеков айтулы іс-шараға қатысып, ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырудағы орасан зор рөлін атап өтті.

Ғалымның есімі берілген химия сыныбынан ғылым мен білімге құштар жастар тәрбиеленетініне сенеміз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.