Жаңалықтар
AUEZOV UNIVERSITY: 8 ЖАС ҒАЛЫМ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
- Қаралды: 330
Елімізде жас ғалымдарды қолдау мақсатында қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы іске қосылып, мемлекеттің қолдауына ие болғандардың қатары артуда. Солардың ішінде жыл басынан бері Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 8 ғалымы жаңа баспананың кілтіне ие болды.
Бұл бағдарлама «Отбасы банк» пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асып жатыр. Осындай қуаныштың иесі – «Магистральды газ құбырларының ұзақ және жылдам қирауға қарсыласуының ғылыми негіздемесін жасау» жобасының орындаушысы, жас ғалым ҰЛЖАН ИБРАИМОВА бір бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Ұлжан Бахытжанқызы гранттық жобаның екі жылдан бері орындаушысы. Ғалым магистральдық газ құбырларын қауіпсіз пайдалану мен апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Мақсаты – магистральдық газ құбырларының төзімділігін бағалаудың жаңа әдістемесін ұсыну.
АЙНҰР БЕРДЕМБЕТОВАНЫҢ да шаңырағында қоныс той! Ғалым-ұстаз Шымкент қаласының орталығынан 3 бөлмелі пәтер алды. Айнұр Түймебайқызы «Функционалды мақсатта өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштан жартылай ысталған шұжық технологиясын жасау» жобасының шеңберінде жануарлардың қанын өсімдіктен жасалған жартылай ысталған шұжық өндірісінде қолдану арқылы етті өсімдікпен алмастыру технологиясын әзірлеумен айналысуда. Әлем бойынша ет өнімдеріне сұраныстың жоғары екені белгілі.
Сондықтан қазіргі таңда ет өндірушілер халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін еңбек етуде. Осы мәселені шешудің бір жолы өсімдіктен жасалған шұжық өндірісін дамыту болып отыр. Осы
мақсатта жас ғалымның жобасының маңызы жоғары болмақ.
Сондықтан қазіргі таңда ет өндірушілер халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін еңбек етуде. Осы мәселені шешудің бір жолы өсімдіктен жасалған шұжық өндірісін дамыту болып отыр. Осы
мақсатта жас ғалымның жобасының маңызы жоғары болмақ.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз