AUEZOV UNIVERSITY-2024: ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары мектебі ұйымдастырған Auezov   university-2024 «Жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи тенденциялары» тақырыбындағы  Халықаралық Қысқы мектеп мәресіне жетті.
 
Онлайн режимінде өткен басқосуға еліміздегі жоғары оқу орындары және Малайзия, Гонконг, Польша, Түркия, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің профессор-оқытушы құрамы қатысты. Іс-шараның ашылуында «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары Мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Л.Қ.Жайдақбаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ білім беру бағдарламалары мен лицензиялау менеджменті орталығының бастығы, х.ғ.к., доцент Г.М.Адырбекова, Түркия мемлекетінен Сакарья университетінің профессоры Әли Чорух қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Zoom платформасында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, профессорлары, жетекші практикалық оқытушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндама жасады. Бұл мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, студенттердің кәсіби дамуына серпіліс жасауға және бакалавр дипломына кредит санын арттыруда тамаша мүмкіндік болды.
 
Атап өтейік, Қысқы мектептің мақсаты –  жаңа білімді ілгерілетуде әртүрлі ғылыми мектептер мен білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіру.
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.