AUEZOV UNIVERSITY КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОРЫ 2 МЛН-НАН АСТАМ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапханасындағы әдебиеттер қоры 2 млн-нан астам. Ақпараттық білім беру орталығы қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі оқулықтармен және электронды әдебиеттермен қамтамасыз етілген.

«Open access» стилінде жабдықталған университеттің ғылыми кітапханасы электронды жүйе арқылы басқарылады. Орталықта аймақтық оқу мекемелерінің кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек те көрсетіледі.

Сонымен қатар кітапхана инновациялық ресурстар мен осы бағыттағы өзге де қызметтерді ұсынады.

– Ақпараттық білім беру орталығының негізгі міндеті – университеттің ғылыми ізденісіне қолдау көрсету, білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету, оқырмандарға сапалы қызмет ету. Кітапхана оқырмандарының кез келген әдебиетті компьютерге немесе мобильді телефонға жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған, – дейді Ғылыми кітапхана қызметкерлері.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.