AUEZOV UNIVERSITY РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Оқу орнының ұжымы мен білім алушылары қатысқан жиынды Auezov University Басқарма төрағасы – Ректор Дария Қожамжарова құттықтау сөзбен ашып, атаулы күннің маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтырдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтудеміз. Президенттің бастамасы жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналуда. Республика күні – отандастарымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке», – деді Дария Қожамжарова.

Университет басшысы өз сөзінде еліміздің ең басты мейрамының тәуелсіздікті нығайтудағы рөлін атап өтті.

«1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Егемендік декларациясы – елдіктің символы. Құжатта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси - құқықтық негіздері жарияланып, Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, халықаралық қатынастар дербестігі, мемлекеттік Рәміздері бекітілді. Республика күні – біздің еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамдарымыздың жарқын бейнесі», – деді Auezov University ректоры.

Дария Қожамжарова оқу орнының жетістіктері туралы айта келе, адам капиталын дамытуға бағытталған оң өзгерістерге назар аударды.

«Бүгін Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының ғалымдар ұжымына табыс етті. Орталық атом-энергетикасы саласында теңдессіз зерттеулер жүргізіп, әлемдік деңгейдегі озық әзірлемелер жасады. Осы ретте білім мен еңбекке, ғылым мен экономикаға зор үлес қосқан тұрғаларымыздың жолындағы еңбегін дәріптеу баршаға ортақ парызымыз», – деп атап өтті оқу орнының басшысы.

Auezov University ректорының айтуынша, қазіргі уақытта оқу орны әлемдік деңгейдегі сұранысқа ие зерттеу университетіне трансформациялану, ел экономикасын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыру  бойынша  жұмыстарды жүзеге асыруда.

Жиын барысында университеттің бірқатар оқытушысы мен қызметкері отандық білім беру саласын дамыту жолындағы қажырлы қызметі үшін Басқарма төрағасы – Ректордың «Алғыс хатымен» және «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Мерекелік іс-шара соңы университеттің шығармашылық кәсіптер орталығы ұжымының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.