Жаңалықтар
Кәсіби біліктілік заман талабы
- Қаралды: 347
2023 жылдың қыркүйек айының 25-і мен 6 қазан аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбие орталығы (Астана қаласы), Шымкент қаласы білім департаменті және университеттің «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті мен қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы жалпы орта мектеп дене тәрбиесі оқытушылары үшін арнайы біліктілікті арттыру курстары өтуде. Курс аясында тыңдаушылар «Нормативті-құқықтық модуль», «Психологиялық-педагогикалық модуль», «Оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру модулі», «IT модулі», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың дене тәрбиесі», «Вариативті» модулдер бойынша білімдері мен құзыреттіліктерін жетілдіретін болады. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбие орталығының сертификаты беріледі.