Әуезов университеті ғалымдары 844 миллион теңгені құрайтын 12 ғылыми жоба ұтып алды

2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс нәтижесінде М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғалымдары ғылымды дамытудың 7 басымдығы бойынша қаржы көлемі 844 234 054 теңгені құрайтын 12 жоба ұтып алды. 

Олар:

-«Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша қаржы көлемі 298 555 079 теңгені құрайтын 4 жоба; 

-«Энергетика және машина жасау» басымдығы бойынша қаржы көлемі 78 061 506 теңгені құрайтын 1 жоба; -«Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша қаржы көлемі 114 958 408 теңгені құрайтын 2 жоба; 

-«Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» басымдығы бойынша қаржы көлемі 96 008 764 теңгені құрайтын 1 жоба; 

-«Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша қаржы көлемі 70 894 616 теңгені құрайтын 1 жоба; 

-«Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша қаржы көлемі 100 367 873 теңгені құрайтын 2 жоба; 

-«Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басымдығы бойынша қаржы көлемі 85 387 806 теңгені құрайтын 1 жоба. 

Бүгінгі таңда М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғалымдары қаржы көлемі 3 млрд. 926 млн. теңгені құрайтын ғылыми жобалар орындауда.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.