САЛИҚАЛЫ УНИВЕРСИТЕТ

Зейнет жасындағы азаматтардың шығармашылық және кәсіптік дамуы мен олардың белсенді еңбекке араласуын қамтамасыз ету мақсатында «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕ АҚ Қосымша білім беру орталығы «Салиқалы университет» жобасы аясында «Цифрлық куратор», «Бағбан», «Бала күтушісі», «Мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастырушы» т.б.  курстарға тыңдаушыларды шақырады. Курстар аясында тыңдаушылар қолданбалы бағдарламалармен, компьютерлік желілермен және интернетпен, электрондық үкімет ресурстарымен және онлайн платформалармен жұмыс істеу,  бала күту дағдыларын, бөлме өсімдіктерін, жеміс және декоративті ағаштарды  күтіп-баптау, бау-бақшада күзде және көктемде жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру, бау-бақша зианкестерімен күресу әдіс-тәсілдерін үйреніп, мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша нақты практикалық дағдыларды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болды.
 Курсты сәтті аяқтаған әрбір тыңдаушыға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
Қызығушылық танытқан барлық аға буын өкілдерін курсқа шақырамыз. Курс барысында Сіздер бір-біріңізбен пікір алмасып, жаңа адамдармен танысып, өміріңізді жаңа әсерлермен қанықтырасыз, сонымен қатар арнайы мәдени іс-шаралар да жоспарланған.
Біз Сіздерді Шымкент қаласы, Тәуке-хан даңғылы – 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бас ғимараты, 210 бөлмеде күтеміз.
Қосымша ақпаратты төмендегі телефондар арқылы ала аласыздар: Рысдәулетов Райымберді Аманұлы, тел: 8-707-554-24-20, Мырзатаева Гүлнар Сейденовна, тел: 8-701-791-73-27. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.