Дене тәрбиесі оқытушыларының біліктілін арттыру курстары

                            Дене тәрбиесі оқытушыларының біліктілін арттыру курстары
2023 жылдың 15–26 мамыры аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбие орталығы (Астана қаласы), Шымкент қаласы білім департаменті және университеттің «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті мен қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы жалпы орта мектеп дене тәрбиесі оқытушылары үшін арнайы біліктілікті арттыру курстары өтеді. Курс аясында тыңдаушылар «Нормативті-құқықтық модуль», «Психологиялық-педагогикалық модуль», «Оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру модулі», «IT модулі», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың дене тәрбиесі», «Вариативті» модулдер бойынша білімдері мен құзыреттіліктерін жетілдіретін болады. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға  Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбие орталығының сертификаты беріледі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.