Санкт-Петербург политехникалық университетінің цифрлық трансформация жөніндегі проректоры Боровков А.И. Әуезов университетінде қонақ дәрісін оқыды

2023 жылғы 24 мамырда Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің цифрлық трансформация жөніндегі проректоры, «Цифрлық инжиниринг» жетілдірілген инженерлік мектебінің, Әлемдік деңгейдегі «Жетілдірілген цифрлық технологиялар» ғылыми орталығының, «Жаңа өндірістік технологиялар» компетенциялар орталығының және Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің CompMechLab®️ инженерлік орталығының жетекшісі Алексей Иванович Боровков ресми сапарымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне келді.

Өзінің ресми сапары аясында ынтымақтастықты тұжырымдамалық тұрғыдан талқылау мақсатында Боровков А.И. университет басшылығымен, өнеркәсіп өкілдерімен және өндірістік серіктестермен кездесті.
Сапар бағдарламасына сәйкес Алексей Иванович Боровков университет ғалымдары үшін «Санкт-Петербург политехникалық университетінің технологиялық даму экожүйесі: өнеркәсіптің фронтирлі мәселелерін шешу тәжірибесі» тақырыбында қонақ дәрісін оқыды.

Сонымен қатар, Боровков А.И. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығына арналған «Әуезов оқулары-21: Жаңа Қазақстан – ел болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысына қатысатын болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.