Халықаралық ынтымақтастық аясындағы біліктілікті арттыру курстары

                        Халықаралық ынтымақтастық аясындағы біліктілікті арттыру курстары
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен шетелдік жоғары оқу орындарының арасында түзілген екі жақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандум негізінде 2023 жылдың 22 мамыр және  22 маусым мерзімі аралығында Өзбекстан Республикасының М.Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының 10 оқытушысы мен Бұхара инженерлік-технологиялық институтының 3 оқытушысы «Заманауи оқыту технологиялары» курсы бойынша біліктіліктерін арттыруда.
Курс аясында тыңдаушылар:
- білім алушыға бағытталған оқыту, оқу және бағалау, негізгі принциптері;
- ЖОО-да оқытудың кредиттік технологиясы. Білім алушыға бағытталған оқытуды жүзеге асырудағы оқу нәтижелері;
- университеттің оқу қызметін әдістемелік қамтамасыз ету;
- білім беруді өзгерту тенденциялары: мұғалімнің әсері мен рөлі;
- білім беру мазмұнының нақты кәсіби міндеттермен байланысы;
- университеттің оқу үрдісінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;
- оқытушының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері пәндердің мазмұны бойынша оқу бағдарламаларын инновациялық жаңартудың негізі модульдері бойынша біліктіліктерін арттырып, бейіндік кафедралар базасында тәжірибе алмасып, университеттің Ақпараттық білім беру орталығының, Мұхтартану орталығының жұмысы, ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысатын болады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.