Жаңалықтар
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
- Қаралды: 438
2017 жылы қазанның 31 жұлдызында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжілістер залында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0. - білімнің үлесі» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясында жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» тақырыбындағы ақпараттық семинар болып өтті.
Семинарда қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі ділгірліктері мен оны жүзеге асыру жолдары талқыланды. Семинардың тақырыптар аясы:
- латын әліпбиіне көшу кезеңінде қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарының сақталу заңдылығы;
- латын әліпбиіне қайта оралудың мәні мен латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы туралы ақпараттарды қамтыды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз